Текст
21 сәуір күні балабақшамыздың «Ақбота», «Балдәурен» мектепалды топтары балалары мектеппен сабақтастық жоспары бойынша Р.Қошқарбай атындағы №1 Қосшы орта мектебіне барып, мектеп өмірімен танысып қайтты. Алғаш рет сынып партасына отырып, әр түрлі сұрақтар қойды. Мектеп асханасы, спорт зал, кітапхана және Р.Қошқарбай аталарының өмірбаянымен танысты. Балаларды мектеп директоры Ильясова Сұлуай Қуанышқызы қарсы алып, балаларға батасын беріп шығарып салды. Балаларымызға мектеп қабырғасы ұнағаны соншалықты, керемет көңіл күймен балабақшамызға оралды.