15 қаңтар 2025 жылы Қосшы қаласы Тайтөбе ауылындағы «Сұлу-ай» балабақшасында Мобильді топтың жоспары бойынша кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қосшы қаласы мектепке дейінгі білім мекемелерінің меңгерушілері, әдіскерлері және тәрбиешілері барлығы 40 педагог қатысты. 2025 жылғы
1 қаңтардан бастап күшіне енген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі №72 бұйрығымен бекітілген 2-қосымшаға енгізілген өзгерістер және "Ұстаз" платформасы туралы түсінік беру мақсатында «Педагогтардың аттесттау ережесі, педагог портфолиосы» тақырыбында ақпарат берілді.
Отырыс кеңес формасында өткізілді. Тәрбиешілер мен әдіскерлерге ережеге енгізілген өзгерістер туралы түсініктер берілді. Аттестациядан өтетін педагогтардың «Ұстаз» платформасына тіркелу және құжаттарды орналастыру туралы түсіндірілді. Педагог білімін бағалау тестіне даярлық бойынша және жиналатын ұпай саны бойынша сұрақтарға жауап берілді. Педагог-модератор, педагог-сарапшы біліктілігінің критерилері бойынша саралау жүргізілді.
Педагог портфолиосын жасақтауда жиі жіберілетін қателіктер талданды, қиыншылықтар туындамас үшін кеңестер берілді. Тәрбиешілердің білім жетілдіру курстарынан өтуде мәселелер туындайтыны айтылды. 5 жыл сайын біліктілілк курсынан өтуді міндеттеу және бұл мәселеге жеке меншік балабақшалардың құрылтайшылары да жауапты екені айтып өтілді.
Педагогтардың білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың қатысушысы болу міндеттілігі атап айтылды.
Нәтижесінде балабақша педагготары аттестация бойынша ауқымды мағлұматтар алып, теориялық және практикалық тұғыда қаруланды деп ойлаймыз.
Мобильді топ жетекшісі Г.Кульмагамбетова