ЖШС "МАКСАТ-2016" "Алема"
ЖШС "МАКСАТ-2016" "Алема"

Мы в соц.сетях

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қосшы қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен Мобильді топ отырысы туралы АҚПАРАТ

14 қараша 2024 жылы Қосшы қаласы «Еркемай» балабақшасында Мобильді топтың жоспары бойынша кезекті отырысы өтті.Отырысқа Қосшы қаласы мектепке дейінгі білім мекемелерінің жас маман -тәрбиешілері шақырылып, «Дидактикалық материалдар қорын жасау, толықтыруға кеңес беру» тақырыбында тәрбиешілердің шығармашылық зертханасымен таныстыру жүргізілді. Мақсаты:  Жас мамандардың теориялық білімдерін  жетілдіру арқылы  тәрбиешілерге әдістемелік көмек көрсету және жеке шығармашылық қызметін қалыптастыру болды. Отырыс көрме-сұхбат формасында өткізілді. Тәрбиешілер өз шығармашылылық зертханасындағы дидактикалық материалдардың жиналған қорымен таныстырды.Әр тәрбиеші өзі қолымен жасаған немесе дайын күйінде алынған дидактикалық материалдың қоладану аясымен таныстырды. Таратпа материалдар, үстел үстінде жасалатын тапсырмалар жинағы, көрнекіліктер, ойындар, логикалық материалдар жеке-жеке көрсетіліп, қолдану жолы айтылды. Бұл материалдардың оқу-тәрбие үрдісіне қажеттілігі мен пайдасы түсіндірілді. 

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша ұлттық құндылықтарға байланысты жасалған дидактикалық материалдардың басымдылығы байқалды.

Қол моторикасын дамытатын материалдар көптеп жасалуда. Балаға дамытушылық орта құруға бағытталған қабырға стендтері көрсетілді.

Сонымен қатар электрондық планшеттер, микроскоп, робототехника құрылғылары оқу іс әрекетін қызықты өткізуге ықпал ететіні айтылып өтілді. 

Жас маман тәрбиешілерге дидактикалық м иатриалдың жасалу жолдары айтылы, толғандырған сұрақтарына жауап берілді.

Нәтижесінде жас мамандар өз педагогикалық қызметтерінде қолдануға біршама мағлұматтар алып, теориялық және практикалық тұғыда қаруланды деп ойлаймыз.

     

Жаңартылған күні: 18.11.2024 14:36
Құрылған күні: 18.11.2024 14:36

Текст