Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Тайтөбе ауылының "Сұлу-Ай" бөбекжайы" МКҚК 2025 жылдың 26 наурыз күні «Авторлық бағдарлама. Жобалар жасаудың жолдары» тақырыбында мобильді топтың жоспарына сәйкес педагогтерге кеңес берілді. Педагогтерге кеңес берген педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры,Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының корреспондент мүшесі ҚР білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгінің және Бауыржан Момышұлы атындағы “Батыр шапағаты”, “Намыс” медалінің иегері “Жоғары оқу орнының Үздік оқытушысы - 2016”, “Білім беру саласының құрметті педагогы” Фатима Ниязбековна Жұмабекова және «Сұлу-Ай» бөбекжайының педагогтері М.Елікжан мен С.Ш.Жуманазарова өздерінің жазған әдістемелік құралдарымен тәжірибе алмасты.
Кеңеске басқа балабақшалардан 23 педагогтер келіп қатысты.
Кеңес соңында келген қонақтар алған әсерлерімен бөлісіп, алғысын білдірді.
Мобильді топ жетекшісі Г.Кульмагамбетова