ЖШС "МАКСАТ-2016" "Алема"
ЖШС "МАКСАТ-2016" "Алема"

Мы в соц.сетях

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыру саласындағы қызмет туралы 2022 жылғы есеп Қосшы қаласы, “Максат-2016” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, “Алема” балабақшасы

Халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын арттыру, бұл жемқорлыққа қарсы әрекет етудің және мемлекеттік органдардың қызметіне азаматтардың сенімділігін арттырудың маңызды көрінісі.

Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі қағидалар негізінде жүзеге асырылады:

  1. Қызмет алушылардың тегіне, әлеуметтік, құзіреттілік және мүліктік  жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дініне, көзқарасына, тұрғылықты жеріне немесе басқа да әрекет жағдайлары бойынша дискриминациясыз тең қолжетімділігі;
  2. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуде бюрократизм мен қағазбастылықтың болуына жол бермеу;
  3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында жауапкершілік пен ашықтылық;
  4. Мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
  5. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үрдісін әрдайым жақсарту;
  6. Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде экономикасы мен тиімділігі.

Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қосшы қаласы “Максат-2016” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, “Алема” балабақшасы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің 2 түрін жүзеге асырады:

  1. Мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейін) балаларды, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекке қою

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны – электронды, “бір өтініш” қағидасы бойынша жүзеге асырылады.

2022 жылы көрсетілген қызметтер саны – 144, олардың ішінде “akmola.kz” ақпараттық жүйесі арқылы – 144, “электронды үкімет” порталы арқылы - 0.

  1. Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау мен балаларды тіркеу

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны – электронды.

2022 жылы көрсетілген қызметтер саны – 144, олардың ішінде “akmola.kz” ақпараттық жүйесі арқылы – 144, “электронды үкімет” порталы арқылы - 0.

 

2022 жылдың 1 қаңтар 31 желтоқсан аралығында Ақмола облысы,  Қосшы қаласы “Максат-2016” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, “Алема” балабақшасына қызмет алушылар тарапынан шағым түскен жоқ.
 

Байланыс:

Қосшы қаласы, Саркырама көшесі,  38 үй, “Максат-2016” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, “Алема” балабақшасы, Ақмола облысы Қосшы қаласы бойынша Білім басқармасы, байланыс телефоны: 8 7081141890, электронды пошта    Gulnurtate86@gmail.com

Қабылдау демалыс және мерекелік күндерді алмағанда, жұмыс күндері сағат 07.20 ден 19.00ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс 13.00ден 14.00ге дейін. 

 

 “Алема” балабақшасының

 меңгерушісі                                                            Кульмагамбетова Г.Ж.        

                                                                             

 

 

Жаңартылған күні: 07.04.2023 10:43
Құрылған күні: 07.04.2023 10:43

Текст