03 наурыз 2025 жылы Қосшы қаласы «Адия» балабақшасында Мобильді топтың жоспары бойынша кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қосшы қаласы мектепке дейінгі білім мекемелерінің жас маман-тәрбиешілері барлығы 40 педагог қатысты.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптары мен Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын орындау мақсатында жүргізілетін мониторинг - баланың біліктері мен дағдыларының даму динамикасын оның түзетуді қажет ететін ерекшеліктерін ашуға арналған әдіс. Баланың түрлі кезеңдегі біліктері мен дағдыларының даму динамикасын анықтауға, педагогтың алдағы іс-әрекетін жоспарлауға, мектеп жасына дейінгі баланың жеке дамуына қажетті жұмыстарды жүргізу мониторингтің маңызы ерекше . Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін «Мониторинг жүргізудің әдістемесі» тақырыбында жас мамандарға арналған дөңгелек стол өткізілді.
Бақылу парағымен, Баланың жеке даму картасын толтыру тәртіптері, баланың біліктері мен дағдыларының даму деңгейін өлшеу әдістері туралы толық ақпарат берілді. Баланың біліктері мен дағдыларының даму деңгейін есептеу әдістерін білу үшін,ақпараттық-коммуникациялық технологияларды игеруі қажеттігі атап өтілді. Практика жүзінде Мониторинг кестесін толтыру, пайыздық көрсеткіштерді есептеу, жиынтық есепті беру тәртібі көрсетілді.
«Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салалары бойынша күтілетін нәтижелерге сәйкес олардың физикалық, зияткерлік және жеке қасиеттерін сырттай бақылаудың әдістері үйретілді. Стандарт талаптары бойынша бала дамуының 3 деңгейі болатындығы және бала жетістіктерінің мониторингі негізінде жасына сәйкес іске асырылатындығына ерекше мән беру керектігі ескертілді.
Сонымен қатар , отырыс барысында жас мамандарды толғандырып жүрген сұрақтарға жауап берілді. Білім беру стандартындағы өзгерістер бойынша түсінік берілді.
Нәтижесінде, балабақшаның жас мамандары тәрбиешінің құзыреттілігіне жататын құжат айналым бойынша ауқымды мағлұматтар алып, теориялық және практикалық тұрғыда қаруланды деп ойлаймыз.
Мобильді топ жетекшісі Г.Кульмагамбетова