ЖШС "МАКСАТ-2016" "Алема"
ЖШС "МАКСАТ-2016" "Алема"

Мы в соц.сетях

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қосшы қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен Мобильді топ отырысы туралы АҚПАРАТ

2025 жылдың  шілде айының 17 күні мобильді топ жоспары бойынша "Еркемай" балабақшасында қазақ халқының ұлы ақыны, ғұлама ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай "Абай – мәңгілік мұра" атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.

Шараның мақсаты – балалардың тіл байлығын арттыру, көркем әдебиетке қызығушылығын ояту және Абай мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу болды.

Сайысқа балабақшамыздың ортаңғы және ересек топ тәрбиеленушілері қатысып, Абайдың өлеңдерін жатқа оқып, оның қара сөздерінен үзінділерді мәнерлеп жеткізді. Балалардың өнеріне тәрбиешілер мен ата-аналар тәнті болды.

Іс-шара тартымды, тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті. Ұлы Абайдың мұрасы арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтар мен рухани байлықты сіңіру – біздің басты мақсатымыз.

 

#абай180

#абай

#абайкунанбаев

                    https://www.instagram.com/reel/DNDI0rIsY4v/?igsh=NjVxZzdxNnlsM2V6

 

      


Текст