Текст
23 мамыр 2025 жылы Қосшы қаласы "Жанбота" балабақшасында мобильді топтың жоспары бойынша кезекті отырысы болып өтті. "Жазғы маусымда топ жорықтар ұйымдастырудың жолдары, қауіпсіздік ережелері" атты тәрбиешілермен тәжірибе алмасу алаңына Қосшы қаласы мектепке дейінгі білім мекемелерінен, оның ішінде "Амина", "Сұлу-Ай", "Еркемай", "Алема", "Бөбек-2011", "Балғын", "Балдаурен", "Baldirgan-2022", "Балдырған-2013", "Айлана", "Қарлығаш", "Айлана" балабақшаларынан жас мамандар келіп бір-бірімен тәжірибе алмасты.