ЖШС "МАКСАТ-2016" "Алема"
ЖШС "МАКСАТ-2016" "Алема"

Мы в соц.сетях

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Үздік тәрбиеші байқауы

19.02.2025

 

 

Ақпан айында Қосшы қаласы білім бөліміне қарасты  Құзыреттілік орталығының жоспары бойынша І қалалық "Үздік балабақша тәрбиешісі" байқауы ұйымдастырылды.Осы байқауға балабақшамыздың озық ойлы,шығармашыл, тәжірибелі тәрбиешісі Каримова Сандуғаш Советханқызы қатысты.

Байқау ІІ кезеңнен тұрды.І кезең бойынша өзінің шығармашылық портфолиосы бойынша ең жоғары балл жинаған әріптесіміз ІІ кезеңде әділ -қазылар алдында Тіл дамыту пәні бойынша Ашық ұйымдастырылған іс -әрекет көрсетті.Сандуғаш Советханқызының байқауға ұсынған ұйымдастырылған іс-әрекетінде тәрбиеленушілер қазақ халқының дүние жүзіне мәлім қонақжайлылық дәстүрін жаңғырытып,қонақ күту мен қонаққа бару,қонақта өзін -өзі ұстау әдептерін үйренді.Іс-әрекетте өмірмен тығыз байланысты жағдаяттар көрсетіліп,бала қонақжайлылық дәстүрін өн бойымен сезіне алды және шебер тәрбиеші қазақтың қонаққа қатысты барлық дәстүрлерін бала бойына сіңіре білді.Тәрбиеші кіріктіру принципі арқылы өткізген іс -әрекеті әдістеме ,көрнекілік, дидактикалық,музыкалық сүйемелдеу жағынан бір -бірімен шебер байланыста көрсетілді.

Ұйымдастырылған іс-әрекет тәрбиеленушіге білімнің жаңа асуларын алуға серпін берді.Әділ -қазылар алқасы тәрбиешінің шеберлігі мен теориялық білімін жоғары бағалады.Әріптесіміз Сандуғаш Советханқызының байқаудан жоғары нәтиже көрсететініне сенеміз!

 

@qosshy_bilim.bolimi

@qosshy_akimdigi_resmi

     

Просмотров: 2046


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст