ЖШС "МАКСАТ-2016" "Алема"
ЖШС "МАКСАТ-2016" "Алема"

Мы в соц.сетях

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөз мәнерлігін ойын іс-қимылдары арқылы дамыту.

23.10.2024

«Мектеп жасына дейінгі балалардың сөз мәнерлілігін ойын іс-қимылдары арқылы дамыту» атты озық тәжірибені тарату  бойынша өткізілген шара туралы

Ақпарат

16 қазан 2024 жылы «Алема» балабақшасында Құзыреттілік орталығының жылдық жоспарына сәйкес «Мектеп жасына дейінгі балалардың сөз мәнерлілігін ойын іс-қимылдары арқылы дамыту» атты озық тәжірибені тарату мақсатында  «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Шабыт» жобасы бағытында тәрбиеленушілердің шығармашылық әлеуетін ашу  арқылы құндылықтар туралы түсінік беру мақсатында Қосшы қаласы мектепке дейінгі мекемелердің меңгерушілеріне арналған шара өткізілді.

Шабыт» жобасының мазмұны бойынша ұлттық атрибуттарды пайдалана отырып, тәрбиеленушілерге

арналған ұлттық зал- көрме жабдықталып, залдың салтанатты ашылу рәсімі жасалды. Ұлттық құндылықтар қойылған зал-көрменің әр экспонаттарын таныстырып, презентациясы жасалды. Ұлттық баспана, ұлттық аспаптар, ыдыстар, киімдер, зергерлік бұйымдар, ұлттық қол өнер бұйымдарымен таныстыру тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы сұхбат форматында ұсынылды. Тәрбиленуші Қазына мен тәрбиеші Айгул Тастемирқызы  Киіз үй құрылысы,ұлттық ыдыстар, ұлттық аспаптар,ұлттық киімдер,ұлттық қол өнер туралы толық мағлұмат берді.

               Мектепке дейінгі ұйымдар отбасымен тығыз байланыс орната отырып,

тәрбиелеу – білім беру процесін ұлттық салт-дәстүрлер мен ұлттық

құндылықтарға негіздеп, балаға жайлы жағдайлар жасауы қажет. Бұл баланың

бойында қажетті дағдылардың қалыптасуына, олардың дербес әрекет етуіне,

еркіндікті сезінуіне ықпал етеді. Осыған байланысты мектепке дейінгі

ұйымдар мен отбасы арасында әріптестік қарым-қатынас орнату мақсатында

балабақшалар жанында «Әжелер мектебі» ұйымдастырылуда.Осы негізде балабақшада «Әжелер» мектебі құрылды.

«Әжелер» мектебінің мүшесі: -Құрметті қонақтар,ата-аналар!

Немерелеріміз тәрбиеленіп жатқан « Алема» балабақшасына қош келдіңіздер!

Бүгін балабақшамызда атаулы күн Қазақстан Республикасының құрылған күні қарсаңында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде «Ұлттық құндылықтар» залы жабдықталып, ашылып жатыр. Осы күнге орайластырып, ата-аналар қауымы ақылдаса келіп « Әжелер мектебін» құруды жөн көрдік.

Әжелер мектебінің мақсаты: балабақша мен отбасының өзара ықпалдастығынын нығайтып, тәрбие ордасының әлеуметтік мәртебесі мен рөлін арттыру.

Міндеттері:

•        балабақша қызметіне әжелер мен аналарды белсенді қатысуға тарту;

•          баланы тәрбиелеу мәселелері бойынша көмек көрсету; 

•        отбасылық тәрбиенің озық тәжірибесін насихаттау; 

•        педагогикалық тәжірибе алмасу,

•        ұлттық салт-дәстүрлер негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу.

Әжелер мектебін құру арқылы  балабақшаның тәрбие жұмысына тікелей қатысты болу, балалардың шығармашылық қабілеттерін, қолөнерге деген қызығушылықтарын арттырып, түрлі тұрмыстық, зергерлік заттарды балалармен бірге жасайтын боламыз. (жапсыру, мүсіндеу, тоқу, өру). 

Аналар мен әжелерді ертеңгіліктерде, түрлі іс-шараларда  сахналық

қойылымдарға қатысуға, ертегілер бойынша қарапайым қойылымдарды ойнауға шақырамыз

Бала тәрбиесіне  бір жақты қарамай, біріге әрекет етуге ат салысамыз!

«Әжелер»  мектебінің  мүшелері «Баланы бесікке салу» дәстүрінен шеберлік сыныбын көрсетті.

 

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының күнделікті  өткізілетін іс-шарасында  тәрбиеленушілердің бос уақытын ойын түрінде ұйымдастыру – «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» – асық, тоғызқұмалақ, бес тас және т.б.қарастырылған. Осы мақсатта «Ұлттық ойын» алаңында  «Үстел үсті асық ойыны», «Бес тас», «Тоғызқұмалақ» ойыны көрсетілді. Балабақша меңгерушісі Гүлнұр Жұмағалиқызы әр ойынның шартымен таныстырып, семинар қатысушыларын ойын алаңына шақырды. Дене тәрбиесі нұсқаушысы Қайсар Рымгалиұлы  «Тоғызқұмалақ» ойынының балаларға бейімделінген нұсқасымен таныстырды.

Тәрбие бағдарламасының «Шабыт» жобасының  білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашу арқылы құндылықтарды дәріптеу міндеттерін айқындайтын «Әншуақ» фестивалінің қатысушыларының өнерін тамашалады.Музыка жетекшісі Гүлсайран Бекарыстанқызының жетекшілігімен тәрбиеленушілер жеке орындаудағы ән мен ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен халық әнін орындады.

             Ұлттық құндылықтарға негізделген семинар алдына қойған мақсатына жетті, қатысушылар тарапынан жоғары деңгейде бағаланды.

 

 

 

Просмотров: 556


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст