ЖШС "МАКСАТ-2016" "Алема"
ЖШС "МАКСАТ-2016" "Алема"

Мы в соц.сетях

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құзіреттілік орталықтың жоспары бойынша «Жасыл балабақша» жобасы аясындағы семинар туралы АҚПАРАТ

2026 жылы 03 ақпан күні  «Алема» балабақшасында  «Жасыл балабақша» жобасы аясында семинар өткізілді

Семинардың мақсаты:

  Мектепке дейінгі жастағы балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық сауаттылығын қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапты көзқарас пен еңбек дағдыларын дамыту.

Семинардың өту барысы:

   Семинар аясында тәрбиеленушілер Қосшы мәдени-спорт орталығындағы «Тірі табиғат» аймағына танымдық топжорық жасады. Топжорық барысында балалар табиғи ортадағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен танысып, табиғатты қорғау, аялау туралы түсініктерін кеңейтті. Семинар «Жасыл балабақша» жобасы аясында ұйымдастырылды. Жоба барысында балалармен бірлесе отырып көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Ағаш пен гүл көшеттерін отырғызу әрекеттері түсіндірілді, дәнді дақылдар – бидай мен арпа егіліп, олардың өніп-өсуі балалардың өз бақылауында болды. Сонымен қатар көкөністің бір түрі – пияз отырғызылып, оны күтіп-баптау жұмыстары жүргізілді.

Семинар құзыреттілік орталығының жылдық жоспары бойынша өткізілді, семинарға Қосшы қаласы балабақшаларынан тәрбиешілер қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Мектепке дейінгі білім мекемесінде экологиялық жобаларды балалардың жас ерекшелігіне сай ұйымдастыруға әдістемелік нұсқаулық беріліп, балабақшада «Жасыл» бұрыш ұйымдастырудың жолдары көрсетілді. Тәрбиеленушілерді балабақшадан бастап зерттеу жұмысына баулу, кіші ғылыми жобалар өткізу тәжірибесі айтылды. Мүмкіндік болған жағдайда балабақша ауласынан жылыжай ұйымдастыру ұсынылды.

Семинар барысында балалар экологиялық бағыттағы тәжірибелік жұмыстарға белсене қатысып, табиғатты аялау, өсімдіктерді күтіп-баптау дағдыларын меңгерді. «Жасыл балабақша» жобасы баланың дүниетанымын және қоршаған ортамен байланысын қалыптастыратын бірден-бір жоба екені аталып өтілді.

         

 


Текст