ЖШС «Максат-2016» «Алема» балабақшасында 2026 жылғы 24 ақпан күні «Балаларды жақсы көретін ата-аналар» клубы аясында «Қатыгездіксіз тәрбие – бақытты бала кепілі» тақырыбында ата-аналарға арналған тренинг өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – отбасындағы балаға қатысты қатыгездіктің алдын алу, ата-аналарға мейірімді және қауіпсіз тәрбие беру әдістерін түсіндіру, баланың құқықтарын сақтау мен психологиялық қолайлы орта қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Тренинг барысында:
Отбасындағы қатыгездіктің түрлері және оның бала дамуына әсері;
Жазалау мен саналы тәрбиенің айырмашылығы;
Баламен сенімді қарым-қатынас орнату жолдары;
Ата-ананың эмоциясын басқару әдістері қарастырылды.
Практикалық бөлімде ата-аналар жағдаяттық тапсырмалар орындап, пікір алмасты. Қатысушылар тәрбиеде күш көрсету емес, түсіністік пен қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
Аталған іс-шара тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және отбасымен серіктестік байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылды.
Треннинг барысында үш шығармашылық топ жұмыс жасап,өзекті мәселенің түйін шешуге талпыныс жасалды. Тренингке балабақша тәрбиешілері мен тәрбиеленушілері және ата-аналар қатысты.
Меңгеруші: Г.Кульмагамбетова
