Текст
2026 жылдың Қаңтар айының 9 күні Мобильді топтың жұмыс жоспарына сәйкес ЖШС "Айдархан Балабақша", "Әлфия" балабақшасында " «3 жасқа толған баланың сөздік қорында 300 сөз болу дұрыс па, әлде бұрыс па?» тақырыбында қалалық семинар болды. Семинарға балабақша тәрбиешілері, логопед-дефектолог, ата-аналар қатысты. Семинар пікір-сайыс түрінде өтті. Бүгінгі семинар өте ауқымды тақырыпта болғандықтан қызықты әрі жоғарғы деңгейде ұйымдастырылып, балабақша логопеді Іргебай Бағи келген қонақтармен өз тәжірибесімен бөлісті. Бұл семинардағы мақсат балалардың ерте тілдік бұзылыстарды дер кезінде анықтап, тиімді түзету адістерін карастыру.
Семинардың өтілу форматы: офлайн (пікір-сайыс)
