ЖШС "МАКСАТ-2016" "Алема"
ЖШС "МАКСАТ-2016" "Алема"

Мы в соц.сетях

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

МОБИЛЬДІ ТОПТЫҢ ӨТКІЗГЕН СЕМИНАРЫ БОЙЫНША ЕСЕБІ

Қосшы қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен Мабильді топ отырысы туралы

АҚПАРАТ.

7-қазан 2025 жылы Қосшы қаласы "НұрСад-2018"- Мерей балабақшасында Мабильді топтың жоспары бойынша кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қосша қаласының мектепке дейінгі білім мекемелерінің жас мамандары,тәрбиешілер қатысты.Тәжірбие алмасуға 10-балабақшадан 10-жас маман тәрбиешілері қатысты.

 

Семинардың барысы:

Семинар үш бөлімнен тұрады.

1.Кіріспе бөлімі:

Білім салалары:

-Таным

-Құрастыру

-Шығармашылық

-Қатынас.

 

ҰОҚ тақырыбы:  "Сенсория интеграция арқылы баланың ой-өрісін дамыту"

  Тәрбиеші: Мүсілім Жанар Қасымбекқызы

 

ҰОҚ түрі: STEAM- техналогиясы элементерімен интеграцияланған құрастыру іс-әрекеті.

Мақсаты:

- балалардың инденрлік ойлауын,логикалық және шығармашылық қабілетін дамыту.

- материялдармен тәжірбие жасау арқылы қарапайым құрылыс құра білуге үйрету.

- ынтымақтастықта жұмыс істеу және өз ойын еркін жеткізу дағдыларымен қалыптастыру.

 

ҰОҚ- барысында келген тәрбиешілермен танысып, шаттық шеңберін жасап, бір-бірімізге әдемі ізгі- тілектерді айтып бастадық.

 

1)Сенсорика дегеніміз не?

Сенсорика-баланың саусақ арқылы баланың ой-өрісін дамытатын сала.Сенсорика саласы өте ауқымды мықты күрделі салалардың бірі.Балабақшаларда сенсорика деген сала бар,осы салаға өте терең мән бергеніміз жөн.Өйткені өскелең жас ұрпақтың өсуі мен дамуына қажетті әрі маңызды сала.

Мәселен:

- бала өз еркімен әрекет етіп үйренеді

- арнайы  жасалған ортада дамиды

- әр бала өз еркімен, дамуыма мүмкүндік алады.

Осы сала бойынша тәрбиешілермен "лего және майда заттармен"- таныстырып ойын ойнадық.

Ойынның мақсаты:  майда ойыншықтар арқылы баланың саусақтарына пайдасын қалай тигізетіні туралы айтып,бірге ойнадық.

Және де ақ парақ бетіне екі қолмен қарандаштарды сызу арқылы,баланың ойлауын дамытуға болатындығы жөнінде де айтылды.

 

 2-Негізгі бөлім:

Интеграция заман талабына қандай пайдасы бар?

Жалпы білім берудің мақсаттары әр жыл сайын өзгертіліп отырады және интеграцияланған білім беру салалары арқылы мазмұнды көрсетудің жаңа оқу жоспарлары мен жаңа тәсілдерді әзірлеуде.Интеграция,ең алдымен пробльемасы бар балаларлың оқыту барысында пайдаланылып зерттейтін сала.Осы салаға байланысты тәрбиеші Мүсілім Жанар Қасымбекқызы кішігірім тәжірбие жасап көрсетті.

Тәжірбие жасауға шар,ұн,су сабын, су, құты қажет болады. Шарға жартылай етіп ұнды салып,шарды жақсылап белінен буып,түйуіміз керек, су сабынға араластырып бір,екі сағатқа қою керек.Сонда шардағы ұн жұмсақ ермексазға айналады.Алдын ала жасалынған шарларымызды келген тәрбиешілерімізге көрсетіп шықтық.

Әрі қарай интегратция саласына зер салдық.Елімізде бұл саламен білім беру арнайы заңды кезең болып табылады.Дамуында ақаулары бар балаларды жаппай білім беру мекемелеріне біліктіру-бұл барлық жоғары оқу орындарында  дамыған,әрі әлемде кеңінен тараған процесс.Яғни интегратция білім беру ұйымдары бүкіл әлемде бар екен.

Интегратция саласына байланысты қарапайым қарындаштарымызбен "қалам ұста"-ойынын ойнадық.

Мақсаты: түрлі- түсті қарындаштар баланың түстерді ажырата білуге және қаламды ұстауына көмегін тигізеді.

2) Балаларға сенсорика не үшін қажет?

Сенсорика жалпы балаларға қажеттілігі өте көп.Балабақшаларда сәбилек кезеңде сенсорика ұоқ-күнделікті жоспармен жасалынып отыруымыз қажет.Себебі күнделікті балалармен жаттығып,саусақ бұлшық еті дамып жетіледі.Әр тәрбиерінің өзі танымдылық қабілетінің ерекшеліктерін,оны дамыту жолдарын толық түсіндіруі қажет.Сонда ғана баланың ойлау қабілеті мен дамуына үлес қосамыз.

 

Ойын: "резеңкелі ойыншық:

 Мақсаты: Ойыншықтарға түрлі резеңкелерлі байлап,байланған ойыншықтың атын атап,шытырмен резеңкеден шешу.

 

3-Қорытынды бөлім:

- Сенсорика-баланың толық дамуына жол ашады.

- Интеграция-заманауи талапқа сай әдіс.

- Тәрбиеші мен ата-ана белсенді жұмыс істесе-нәтижесі зор.

- STEAM- болашақтың негізі.

 

 Мабильді топ ұоқ-орындаған тәрбиеші: Мүсілім Жанар Қасымбекқызы.

 

         


Текст