ЖШС "МАКСАТ-2016" "Алема"
ЖШС "МАКСАТ-2016" "Алема"

Мы в соц.сетях

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мобильді топтың өткізген семинары бойынша есебі

2026 жылы тамыз айының 14 күні «AiZar» балабақшасында Мобильді топтың жоспарына сәйкес кезекті семинары өтті. Семинарға  Қосшы қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары, әдіскерлер, тәрбиешілер және педагогикалық ұжым мүшелері қатысты.

     Семинар тақырыбы: «Кішкентай шеберлер – үлкен идея!»

     Өткізілген күні: 14 тамыз 2026 жыл

     Өткізілген орны: Ақмола обылысы,Қосшы қаласы, «AiZar» балабақшасы

     Қатысушылар: мектепке дейінгі ұйым басшылары, әдіскерлер, тәрбиешілер, педагогикалық ұжым мүшелері.

     Семинардың ұйымдастырушысы:     Мобильді топ     

 жетекшісі Г. Кульмагамбетова

     Семинардың мақсаты:

Мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қиялы мен ойлау белсенділігін арттыру, қол еңбегіне қызығушылығын қалыптастыру. Балаларды түрлі материалдармен жұмыс жасауға үйрету арқылы ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа, өз еңбегін бағалауға және жаңа идеяларды жүзеге асыруға тәрбиелеу. Педагогтердің шығармашылық бағыттағы тиімді әдіс-тәсілдерін жетілдіру және тәжірибе алмасу.

      Семинар барысы:Семинар үш бөлімнен тұрды.

1. Кіріспе бөлім:

Семинарды ұйымдастырушы ашып, қатысушыларға семинардың мақсаты мен міндеттерімен таныстырды.

«Кішкентай шеберлер – үлкен идея» тақырыбының маңыздылығы түсіндіріліп, балалардың шығармашылық қабілетін ерте жастан дамытудың тиімді жолдары туралы ақпарат берілді.

Педагогтерге баланың әрбір шығармашылық жұмысы оның қиялын, ойлау қабілетін, ұсақ моторикасын және өз бетінше шешім қабылдау дағдысын дамытуға ықпал ететіні атап өтілді.

2. Негізгі бөлім:

* Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту – баланың қиялын, еркін ойлауын және өз ойын шығармашылық арқылы жеткізуін қалыптастыру.

* Түрлі түсті қағаз, картон, ермексаз, табиғи және қайта өңдеуге болатын материалдарды пайдалана отырып шығармашылық жұмыстар ұйымдастыру.

* Балаларды желімдеу, қию, бүктеу, мүсіндеу, құрастыру және бейнелеу әрекеттеріне тарту арқылы қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

* «Менің қиялымдағы әлем», «Кішкентай шебер», «Ғажайып қолдар» сияқты шығармашылық тапсырмалар орындау.

* Қарапайым заттардан ерекше бұйымдар жасау арқылы балалардың шығармашылық ойлау қабілетін арттыру.

* Табиғи материалдардан түрлі композициялар мен қолөнер бұйымдарын жасау.

* Қайта өңдеуге болатын материалдарды тиімді пайдалану арқылы экологиялық мәдениет пен шығармашылық қабілетті қатар дамыту.

* Балалардың өз жұмыстарын таныстыруына мүмкіндік беру – сөйлеу белсенділігін, өзіне деген сенімділігін және шығармашылық еркіндігін қалыптастыру.

* Педагогтердің шығармашылық жұмыстарды ұйымдастырудағы тиімді әдіс-тәсілдерімен тәжірибе алмасу.

Практикалық бөлім барысында қатысушылар балалардың шығармашылық белсенділігін арттыруға бағытталған тапсырмаларды орындап, қолөнер бұйымдарын жасау жолдарын көрсетті.

Шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау, балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес материалдарды таңдау және әр баланың жеке шығармашылық мүмкіндігін ескеру қажеттілігі атап өтілді.

3. Қорытынды бөлім:

Қатысушылар семинар барысында алған әсерлерімен және тәжірибелерімен бөлісті. Семинардың мазмұны бойынша пікір алмасып, балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған тиімді әдістер талқыланды.

       Семинар қорытындысы:

Педагогтер балалардың шығармашылық қабілетін дамытудың тиімді жолдарымен танысты.

Балалардың қиялын, ұсақ моторикасын, логикалық және шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдер қарастырылды.

Қатысушылар шығармашылық жұмыстарды ұйымдастырудың жаңа тәсілдерімен танысып, тәжірибе алмасты.

Баланың әрбір шығармашылық жұмысына қолдау көрсету оның өзіне деген сенімін арттырып, жаңа идеяларды жүзеге асыруға ынталандыратыны атап өтілді.

 

Ұсыныстар:

Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған шығармашылық ортаны жетілдіру;

Түрлі табиғи, тұрмыстық және қайта өңдеуге болатын материалдарды шығармашылық жұмыстарда тиімді пайдалану;

      


Текст