Текст
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай балабақшамызда тәрбие сағаттары өткізілді. Бұл шараның басты мақсаты – жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, елін, жерін қорғауға дайын, батыл да ержүрек азамат болуға баулу.
Тәрбие сағаты барысында балаларға Отан қорғаушылар күні туралы түсінік беріліп, еліміздің батырлары мен әскерлерінің ерлігі жайында әңгімелер айтылды. Сонымен қатар, патриоттық әндер айтылып, тақпақтар оқылды. Балалар түрлі ойындарға қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
Шара өте қызықты әрі әсерлі өтті. Балалар Отанды сүю, оны қорғау әр азаматтың қасиетті борышы екенін түсінді.
