Қосшы қаласы "Алтын дән" балабақшасында инклюзивті тәрбие мен білім беру мәселесі бойынша тәжірибе алмасу сағаты өткізілді.
2025 жылдың 25 маусым күні мобильді топтың жоспары бойынша "Алтын дән" балабақшасында инклюзивті тәрбие мен білім беру мәселесіне арналған психологтар үшін тәжірибе алмасу сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау бойынша мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру және тәжірибе бөлісу.
Шара барысында балабақша психологтары мен педагогтері инклюзивті білім берудегі өз тәжірибелерімен бөлісіп, қазіргі таңда кездесетін мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылады. Сонымен қатар, баланың психо-эмоционалдық жағдайын ескере отырып, түзету-дамыту жұмыстарын тиімді жүргізу тәсілдері қарастырылды.
Тәжірибе алмасу сағаты қатысушылар үшін өте пайдалы болды. Олар инклюзивті ортада жұмыс істеуге қатысты жаңа идеялар мен әдіс-тәсілдер алып, алдағы уақытта қолдануға болатын нақты практикалық құралдармен танысты.
Іс-шара соңында қатысушылар алғыстарын білдіріп, мұндай кездесулердің алдағы уақытта да жалғасын табуына тілектестік білдірді.