ЖШС "МАКСАТ-2016" "Алема"
ЖШС "МАКСАТ-2016" "Алема"

Мы в соц.сетях

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

МОБИЛЬДІ ТОПТЫҢ ӨТКІЗГЕН СЕМИНАРЫ БОЙЫНША ЕСЕБІ

2026 жылдын 29 қыркүйек күні «Нұрасыл» балабақшасында Мобильді топ отырысы өтті. Тақырыбы: Жаңа оқу жылын тиімді ұйымдастыру: балабақша жұмысындағы басым бағыттар. Жоспарлау, құжаттама, педагогтердің міндеттері, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру.

    2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың жеке даму картасы қалай толтырылады? Қандай нормативтік құжаттарды басшылыққа алу қажет? Осындай сұрақтар жаңа оқу жылы қарсаңында көптеген мектепке дейінгі ұйым педагогтерін алаңдатады.

   Сондықтан құжатты тек «бар болу үшін» емес, қолданыстағы мемлекеттік стандартқа, үлгілік оқу жоспарына, үлгілік оқу бағдарламасына және педагог жүргізуге міндетті құжаттардың белгіленген нысандарына сәйкестендіріп дайындау және оны іске асыру маңызды. Дөңгелек үстелге жас мамандармен балабақша тәрбиешілері қатысты. Тақырып бойынша барлық сұрақтар мен міселелер талқыланды.

    


Текст