Текст
2026 жылдың 20 наурыз күні балабақшамызда Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті. Бұл мереке ұлттық салт-дәстүрлерімізді жаңғыртып, балаларға рухани тәрбие берудің жарқын үлгісі болды.
Іс-шара барысында балалар ұлттық киім киіп, ән айтып, би билеп, тақпақтарын мәнерлеп оқыды. Қазақтың ұлттық ойындары ойнатылып, көріністер қойылды. Сонымен қатар, ата-аналар мен тәрбиешілер де белсенді қатысып, мерекенің көркін аша түсті.
Наурыз мерекесінің басты нышаны – бірлік пен татулықты дәріптеу мақсатында дастархан жайылып, наурыз көже ұсынылды. Балаларға ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлер туралы мағлұматтар берілді.
Мереке жоғары деңгейде өтіп, барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
